«Аяулым» жеке балабақша яслиі

«Аяулым» жеке балабақша яслиі ЖШС-і 2013 жылы жарғы негізінде құрылып, бүгінгі күнге дейін үздіксіз, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, АқОрда шағын ауданы, 3 квартал 14 үй бойынша жұмыс жасап келеді.
Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасын іске асыру бағытында
3-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру қызметін атқаруда. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбие мен оқыту жұмыстары Қазақсатан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру Стандарты бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламасы» негізінде жұмыс жасайды. Балабақша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізіледі.
Балабақшада 55 балаға арналған, 3 топ жұмыс жасайды. Ойын, жатын бөлмелері стандарт талабына сай жабдықталған, 2 қабатты типтік емес, ынғайластырылған ғимаратта орналасқан, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құралдармен, әрбір топ жеке жатын , ойын киім ауыстыратын , жуынатын және әжетхана бөлмелерінен тұрады. музыка, дене шынықтыру залдары біріктірілген.
Мектепке дейінгі балалар мекемесі 5 күндік жұмыс аптасымен, жұмыс уақыты 8.00 – дан 18.00-ге дейін белгіленген. Балабақша өрт-дабыл қондырғылары және бейнебақылау камераларымен, жылу жүйесімен және сумен қамтамасыз етілген. Сыртқы алаңында топтарға арналған ойын құралдары, әр топқа балалар отырып ойнайтын көлеңкелі қоршау орындығымен (беседка), гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған. Балабақша техникалық материалдық базасы толық қамтылған, интерактивті панел, түрлі-түсті теледидар, әдістемелік кітаптар, барлық ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша қамтылған. Дәрігерлік бөлме, асхана, кір жуатын бөлмелер жыл бойы қызмет көрсетеді.
Балабақшаның мақсаты: Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие, бала тұлғасын дамытуда үлес қосу және тәрбиелеу.


Mobirise Website Builder
Mobirise Website Builder
Абжапбарова Динара Қуатқызы

«Аяулым»жеке балабақша яслиі ЖШС-і меңгерушісі
- Туған жері: Қызылорда облысы; Шиелі ауданы
- Ұлты: Қазақ;
- Білімі: Жоғары;
- Бітірген оқу орны: Қазақ Ұлттық қыздар университеті (2017-2019);
- Мамандығы: Бастауыш сыныптар мұғалімі;
- Еңбек өтілі: 5 жыл;
- Байланыс телефоны: 8-777-978-09-28;
- Электронды почта: dinara.abzhapbarova.90@mail.ru

Mobirise Website Builder
2024 жаңа жыл!
Mobirise Website Builder
Қош бол балабақша!
Mobirise Website Builder
Наурыз 

Бізбен байланыс

Почта

dinara.abzhapbarova.90@mail.ru

Байланыс номері

8-777-978-09-28

© 2024 «Аяулым» жеке балабақша яслиі авторлық құқық қорғалған